Алдағы күндері күн суытады
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 10-12 қыркүйек күндерінің ауа райына болжам жасады.
«Орал аймағынан салқын әрі ылғалды ауа массаларын әкелетін биіктегі барикалық жыраның және онымен байланысты ауа ағындарының Қазақстандағы ауа райына әсері әлі де байқалады. Сондықтан алдағы үш күнде жаңбыр жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, көптеген облыста ауа температурасы жылдың осы мезгіліне тән орташа көрсеткіштен төменірек болады», - делінген Қазгидрометтің таратқан хабарламасында.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күн ашылып, ауа температурасы нөлден жоғары 3 градусқа дейін төмендейді. Тек республиканың батысында антициклонға байланысты күн жауын-шашынсыз болады, сол антициклон шығысқа қарай жылжуының арқасында біртіндеп оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардағы жаңбыр тоқтайды.