«Қайсар» футболдан Сұлтан Əбенов турнирінің жеңімпазы атанды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы «Локомотив» стадионында Сыр футболының түлегі, ҚР құрметті спорт қайраткері Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін футболдан 2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Түркістан және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысты.
Турнир нәтижесінде «Қайсар» футбол орталығы бірінші орынды иеленді. Олар финалда Шиелі ауданының командасын 2:0 есебімен ұтты.
Екінші орынды - Шиелі, үшінші орынды - Арал ауданының командалары иеленді.
«Үздік қорғаушы» - Асқар Қолғанатов (Арал),
«Үздік жартылай қорғаушы» - Айдар Төлеген (Түркістан),
«Үздік шабуылшы» - Дарын Байсанов (Шиелі),
«Үздік қақпашы» - Айдархан Қамит ("Қайсар" ФО),
«Үздік ойыншы» - Олжас Кеңесбек ("Қайсар" ФО).
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен марапатталса, номинация иегерлеріне диплом, кубоктар табысталды.
Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі атынан "Қайсар" футбол орталығының үш ойыншысына арнайы сыйлықтар берілді.