«АРДАГЕР» КОМАНДАСЫ – ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ
«Евразия» спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы және Қалымбетовтер отбасының ұйымдастыруымен аты аңызға айналған футболшы Әбіл ҚалымбетовтІ еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өтті. Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 9 команда қатысты.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Ардагер» командасы «Петро Қазақстан» командасын 3:2 есебімен жеңіп, екінші мәрте жеңімпаз атанды. Жаңақорғандық «Сығанақ» командасы үшінші орынды иеленсе, «Қайсар» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.
Турнирде «Үздік қақпашы» номинациясымен Сергей Жмурин («Ардагер» командасы) марапатталды, ал «Үздік қорғаушы» аталымы - Ерлік Тұртановқа («Сығанақ» командасы), «Үздік шабуылшы» - Бақыт Қадыровқа («Қайсар» командасы), «Мерген ойыншы» - Ғани Махамбетовке («Петро Қазақстан» командасы), «Үздік ойыншы» - Берік Жаппасбаевқа («Ардагер» командасы) берілді.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы табысталды.