Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


        «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, қаржы саласының құрметті ардагері Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 9 команда қатысып, бұқаралық спорт  пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
        Жарыс нәтижесінде Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы  бірінші орынды иеленді. Олар финалда мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерін 6:1 есебімен ұтты. Үшінші орынды  қаржы және экономика басқармаларының құрама командасы алса, төртінші орынды Жалағаш ауданының құрама командасы қанағат тұтты.  
       «Үздік қақпашы»  - Бауыржан Сапаров  (Қаржы және экономика басқармалары), «Үздік қорғаушы» - Ғабит Ербол (Жалағаш ауданы), «Үздік шабуылшы» - Төлеу Серікбаев  (Мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік бомбардир»  - Кеңес Маханбетов (Ұлттық банк), «Үздік ойыншы» - Дінислам Асылбекұлы (Ұлттық банк) марапатталды.
         Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы берілсе, номинация иегерлеріне  бағалы сыйлықтар табысталды.
         Жарысты ұйымдастырушылар: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және Шөкеновтер отбасы.  



22 қаңтар 2018 ж. 912 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области