Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облыстық Полиция департаменті мен «Болашақ» университеті келісімге келді

Қызылорда облыстық Полиция департаменті мен «Болашақ» университеті келісімге келді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Полиция департаменті мен «Болашақ» университеті арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде ведомстволық білім беру жүйесін оңтайландыру бойынша іс-шаралар өткізілуде. Оның нәтижесінде полиция оқу орындарының саны 5-ке дейін қысқартылды.
Қалған Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары, Ақтөбе заң институты мен ІІМ Шымкент Оқу орталығы базасында кандидаттарды азаматтық жоғары оқу орындарының түлектері қатарынан ішкі істер органдарына қатарына полиция курстары (алғашқы даярлық) бойынша оқыту, сонымен қатар қызметтегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан өткізу жоспарланып отыр.
Осыған байланысты, Қызылорда облысындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен «Болашақ» университетінің мамандарды даярлау деңгейінің жоғары болуы күн тәртібіне шығып отыр. Осыған орай, ағымдағы жылдың тамыз айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Б. Әбдікәрімовпен ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылған болатын.
Ал, күні кеше Қызылорда облысының Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Манарбек Есжанов пен «Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбековтың қатысуымен ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қою рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Айта кетерлігі, 2018 жылдың соңында жылы Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында «Құқықтану» мамандығының студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу мәселесіне қатысты өзара қызметтік және ынтымақтастық туралы меморандум шектеусіз мерзімге жасалынды. Осының арқасында, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында Қызылорда қаласының Полиция басқармасында 40 студент өндірістік тәжірибеден өтті.
12 қыркүйек 2019 ж. 657 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области