Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Полиция департаментінің бастығы тұрғындарды қабылдады

Қызылордада Полиция департаментінің бастығы тұрғындарды қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров жаңа қызметінде алғашқы қабылдау жүргізді.
Департамиент бастығы ішкі істер органдарына сенімділік деңгейін көтеру мақсатында тұрғындармен кері байланыс орнатуда. Мұндай шаралар нәтижесінде қызылордалықтар тікелей департамент бастығына өз сауалдарын жолдауға мүмкіндік алады.
Алғашқы қабылдау Құқық қорғау қызметтері орталығында өткізілді. Тұрғындар тарапынан түрлі сипаттағы сұрақтар қойылды.
Мәселен, ұлын ішкі істер органдарына тұрғызу жөнінде бірнеше мәрте жүгінген Шиелі ауданының тұрғынына ішкі істер органдарында штаттық қысқарту жүргізіліп жатқанына қарамастан ел аймақтары бойынша бос орындар жөнінде толық мағлұмат берілді. Өз кезегінде жеке қабылдауға келген жалғызбасты ана ұлының жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар екенін біліп, департамент басшылығына алғысын білдірді.
Департамент бастығымен өткізілген бұл қабылдауға 10 адам жазылды. Арыстанғани Заппаров жеке қабылдауға келген азамттардың талап-тілектері мұқият тыңдап, заң шеңберінде сапалы кеңестер айтты. Әр сауалды назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін сала басшыларына тапсырмалар берді.
30 сәуір 2019 ж. 725 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области