14 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар
Үндістанда хинди күні
Бұл мереке 1949 жылы Құрылтай ассамблеясының хинди тілін Үндістанның ресми тілі ретінде қабылдауы құрметіне белгіленген. Хинди тілі Үндістанда қазір де ағылшын тілімен қатар, мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Бұдан өзге үнді штаттарында түрлі әкімшілік мақсаттарда 22 тіл пайдалануға рұқсат етілген.
1920 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш әділет халық комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды. Ол басшылық жасаған тұста қалың малды тоқтату, барымта туралы және т.б. декреттердің ең алғашқы жобалары жасалды. 1920 жылдың аяғына таман оның басшылығымен республикада 231 сот және 111 тергеу учаскелері құрылды.
1951 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында А.Пушкин атындағы сегіз жылдық мектеп ашылды.
1992 жылы Қазақстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің алғашқы съезі өтті.
1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті құрылды. ҚР Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік салық комитеті таратылды. Меншік пен істерді басқару жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер ҚР Қаржы министрлігіне берілді.