Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда қыз алып қашу ауыр қылмыс санатына жатқызылды

Қазақстанда қыз алып қашу ауыр қылмыс санатына жатқызылды

Kyzylorda-news.kz. Қылмыстық кодекстке қыз алып қашуға қатысты бөлек бап жоқ. Алайда адам ұрлау үшін жауапкершілік қарастырылған. Бас прокуратура қыз алып қашқан жігіттердің жауапкершілігі туралы мәлімдеді.
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қылмыстық кодекстке қыз алып қашуға қатысты бөлек бап жоқ. Алайда адам ұрлау үшін жауапкершілік қарастырылған.
«Енді, ондай жағдайлар әртүрлі болады ғой. Егер қызды зорлап, алып қашып жатса, ол адам ұрлау қылмысы болып саналады. Осы қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ондайда ешқандай татуласу болмайды. Енді, өмір болғасын, әртүрлі жағдай болады, адамның әрекетіне қарай құқықтық баға беріледі», - деді Ахметжанов.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 125-бабына сәйкес, адамды ұрлағаны үшін төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал осы қылмыс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, кәмелетке толмаған адамға немесе жүктi әйелге қатысты жасалса, кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
12 қыркүйек 2019 ж. 392 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области