Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда бірнеше рет ұрлық жасағандарға жаза күшейтіледі

Қазақстанда бірнеше рет ұрлық жасағандарға жаза күшейтіледі

Қазақстанда енді бірнеше рет ұрлық жасағандарға жауапкершілік күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заң аясында Қылмыстық кодекске ұрлықты қайталағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін түзетулер енгізілді.
Түзетулерге сәйкес, бірнеше рет жасалған ұрлық "ауырлығы орташа" қылмыс санатынан "ауыр қылмыс" санатына ауыстырылды. Бұл айыпталушыны тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігінен айырады екен.
"Бұған дейін бірнеше рет жасалған ұрлық үшін айыппұл немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік қарастырылған еді. Енді бірнеше рет жасалған ұрлық үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылады", - деп хабарлады министрліктегілер.

Заңға енгізілген түзету осы жылдың 2 ақпанынан бастап күшіне енетіні айтылады.

31 қаңтар 2019 ж. 552 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области