Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты

Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты

Бүгін, 17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот үкімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де шықты.
"Құдайбергеновты кінәлі деп тауып, оны 18 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы кесілді. Қиясовты кінәлі деп тауып, оны 18 жыл бас бостандығынан ауыру жазасы кесілсін", - деді судья.

Сондай-ақ сотталушы Жанар Толыбаева да төрт жыл бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейлі мекемеде өтейтін болады.
Алайда оның жүктілігіне байланысты ол жазасын кейін өтейді.
Кеше, 16 қаңтарда сотталушылар Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева сотта соңғы сөзін айтқан болатын.
Құдайбергенов ұрлық, қарақшылық жасады және адам өлтірді деп айыпталса, Қиясов қарақшылық пен адам өлтірді деп айыпталып отыр. Ал Толыбаева ұрлық және қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталып жатыр.
Мұның алдында прокурор сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
"Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Нұралы Қиясов айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жанар Толыбаеваны айыпты деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деген еді прокурор Досов.
Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.


17 қаңтар 2019 ж. 502 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области