СОТ ҮКІМІМЕН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 21 жастағы сотталушы А-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды.
    Оқиға 2017 жылдың 15 қазан сағат 23.00 шамасында орын алған. Сотталушы А. Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан «Жанетта» мейрамханасының алдында жәбірленуші М-мен ерегісіп, онымен сөзге келіп, өзімен бірге алып жүрген пышағымен жәбірленушіге ауыр санаттағы дене жарақатын салған.
    Осы жылдың 25 қаңтары күні сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге деп белгіленді.
    Үкім заңды күшіне енген жоқ.
    Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
    мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі






 
		
		


















