Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДАН ОРАЛҒА ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАҒАНДАР ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ СОТТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАН ОРАЛҒА ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАҒАНДАР ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ СОТТАЛДЫ


    ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен есірткі тасымалдаған қос тұрғын ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
    Сот төрағасы Қайрат Шалқаровтың айтуынша, сот талқысында белгілі болғанындай, Айбек Сыздық шамамен биылғы қыркүйек айында Сырдария өзенінің жағасынан қарасораны жинап алып, үйіне әкеліп, кептіріп, жеті қорапқа салған. Содан кейін Қызылорда қаласында өзінің танысы Жомарт Қалдыжігітке жолығып, онымен ірі көлемде есірткі тасымалдау жөнінде сөз байласқан. Есірткіні өз автокөлігімен жеткізу үшін Ж.Қалдыжігіт А.Сыздықтан 250 мың теңгені алдын ала алған. 7 қазан күні екеуі «Тойота Лэнд Крузер-100» көлігімен қала сыртына шығып, А.Сыздық есірткіні автомобильге жасырған.
    Сосын Қызылордаға қайтып оралып, сапарлас ретінде Д.Қаюповты алып, Оралға жол тартқан. 8 қазан күні кешкісін Самара-Шымкент жолы бойында, БҚО-ның Сырым ауданы аумағында автокөлікті жол полициясы қызметкерлері тоқтатып, тексерген кезде 6982,15 грамм (7 кг жуық) кептірілген марихуана табылған. Сот үкімімен А.Сыздық ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармағымен айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
    Сонымен қатар ҚК 60-бабы 1-бөлігі негізінде өтелмеген жазасы қосылып, түпкілікті 11 жыл 6 ай мерзім белгіленді. Ж.Қалдыжігіт те ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармағы негізінде мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға сотталды. ҚР ҚК 14-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес А.Сыздық пен Ж.Қалдыжігіттің қылмысы қауіпті екендігі ескеріліп, оларға жазаны қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

29 желтоқсан 2017 ж. 733 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области