Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СОТ ҮКІМІМЕН 11 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

СОТ ҮКІМІМЕН 11 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ


    Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындап, сақтаған 35 жастағы сотталушыға қатысты айыптау үкімін жариялады.
    Іс құжаттары бойынша сотталушы У. бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адам бола тұра, түзелу жолына түспей, қайтадан аса ауыр қылмыс жасаған.
    Қызылорда ОІІД-нің басқармасына сотталушы У-дың есірткі затын сатумен айналысатыны туралы мәліметтер келіп түсіп, аталған басқарма қызметкерлерімен У-ға қатысты жедел іс-шаралар ұйымдастырылып, жүргізілген.
    Іс-шара жүргізу барысында сотталушы У-дың есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындап, сақтайтыны және өткізетіні анықталып, оның  тұрғын үйінен полиэтилен пакетіне оралған жалпы салмағы 1075,22 гр. кептірілген марихуана табылып, дәлелдеме ретінде алынған.   
    Сот үкімімен сотталушы У. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындап, сақтаған)  кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануына байланысты 11 жылға  бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеуге деп белгіленді.
    Сонымен қатар, Қызылорда ОІІД-і ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Б.Жумадиллаевты қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары санаттылығы үшін  марапаттау жөнінде жекеше қаулы қабылданды.  
    Үкім заңды күшіне енген жоқ.
    Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

23 қараша 2017 ж. 850 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области