Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қорқыт ата» ескерткіш кешенінің авторы дүниеден өтті

«Қорқыт ата» ескерткіш кешенінің авторы дүниеден өтті

Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінің тумасы, елімізге белгілі өнертанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі, Халықаралық Сәулет академиясының академигі Бек Ибраев дүниеден озды. Сәулетші Түркі әлемінің абызы Қорқыт ата ескерткіш-кешенінің авторы болатын.
Бек Әнуарбекұлы 1947 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Сәулетші Қазақ техникалық университетінің архитектура факультетін және аспирантурасын бітірген. 1970-1974 жылдары осында оқытушы, 1978-1986 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылым қызметкер, 1987-1990 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1990 жылдан «Елдана» жобалау бюросында археолог болып қызмет атқарады.
Оның сәулет өнері саласындағы еңбектері: Қорқыт ата ескерткіші (1980, Қызылорда облысы), Ш.Уәлихановтың мемориалды кешені (1985, бұрынғы Талдықорған облысы), Қабанбай батыр (1990) және Абай кесенесі (1995, Шығыс Қазақстан облысы), Райымбек батыр кесенесі (1992, Алматы қаласы; бәрі де басқа авторлармен бірге) т.б.
16 қыркүйек 2019 ж. 428 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области