Нұр-Сұлтан қаласында да жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты
Kyzylorda-news.kz. Елордада теміржолды қиып өтіп бара жатқан №53 бағдардағы автобус пен тепловоз соқтығысты. Бұл туралы Бұл туралы «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева мәлім етті.
«13 қыркүйек күні сағат 07:45 кезінде Жетігін көшесінде Пушкин көшесі бағытында №53 бағдарындағы автобус пен тепловозға қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелді. Көлік апаты кезінде автобуста жолаушылар болмаған. Оқиға орнына келген полицейлер автобус жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырды», - деді Н.Азанбаева.
Аталған қоғамдық көліктің жүргізушісі рейсті бастау үшін базадан аялдамаға қарай жүрген.
Жол апатынан кейін автобус жүргізушісі жұмысынан шеттетілді. Жол көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.