Алдағы үш күнде елімізде күн жылы болады
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 17-19 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

«Республиканың оңтүстігінде күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Күндіз термометрдің бағаны 25…30°С дейін, кей жерлерде 35°С-қа дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де таралады. Кей жерлерде жаңбыр жаууына қарамастан, күн жылы болады. Күндіз ауа температурасы +20…28°С-қа дейін көтеріледі», - делінген хабарламада.
Тек, батыс облыстарда Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа температурасы төмендеуі мүмкін.