Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде +32 градусқа дейін күн ысиды деп күтілуде

Елімізде +32 градусқа дейін күн ысиды деп күтілуде

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 2019 жылғы 4-6 мамырға арналған ауа райы болжамын айтты. Мамандар алдағы тәуліктерде елімізде ауа температурасы күрт көтерілетін жеткізді деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты.
Мамандар алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтілетінін, 6 мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28 градус, оңтүстік және орталықта плюс 27-32 градусқа дейін жоғарылайтынын жеткізді.
"Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылынады", - деді ауа райын болжаушылар.
Сондай-ақ, синоптиктер еліміздің батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттардың жылжуымен найзағаймен жаңбыр және найғазай кезінде желдің дауылды күшеюі күтілетінін алға тартты.
03 мамыр 2019 ж. 480 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области