Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында көмір бағасы тұрақты

Қызылорда облысында көмір бағасы тұрақты



Kyzylorda-news.kz. Облыс көлемінде әлеуметтік нысандарға жылдық жоспар бойынша 37 мың тонна көмір, 22,0 мың тонна дизель отыны қажет. Бүгінде қажетті отын көлемін жеткізуші мекемелермен келісім шарт жасалып, кезең-кезеңімен жеткізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Марат Делмұханов және жауапты сала басшылары мәлімдеді.
"Тұрғындарға қажетті отын қорын қаматамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен өңір кәсіпкерлерімен көмір бағасын өсірмеу мақсатында меморандумдар жасалды. Жоспар бойынша қажетті көмр отыны 186,4 мың тонна. Қазір облыс бойынша 31 көмір қабылдау пункттері бар. Бағасы тұрақты 13-16 мың теңгенің аралығында. Көмірдің жеткізілуін біз күнделікті бақылауда ұстап отырмыз", - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.
Сонымен қатар, сала басшылары жылу беру маусымы кезеңінде көмір тапшылығын болдырмау және едәуір арзан бағада көмір отынын алу мақсатында, көмірді қазан-қараша айларында емес, бүгіннен бастап сатып алу қажет екендігін де ескертті.
16 қыркүйек 2019 ж. 576 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области