Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының демографиясында өсім бар

Қызылорда облысының демографиясында өсім бар

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 1 тамызында облысымыздағы халық саны 800,3мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 355,7 мың (44,4%), ауылдықтар – 444,6 мың адамды (55,6%) құрады. 2018 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда халық саны 10,5 мың адамға немесе 1,3% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2019 жылғы қаңтар-шілдесінде туылғандар саны 11051 адамды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда 0,6% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,80 туылғандарды құрады.
2019 жылғы қаңтар-шілдесіндегі облыс халқының табиғи өсімі 2018 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 21 адамға немесе 0,2% кеміп, 8413 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,12 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2638 адамды құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-шілдесіне қарағанда 3,5% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,68 қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылғы қаңтар-шілдеде облыста 1 жасқа дейінгі 110 нәресте өлімі тіркелді. 2018 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 17,0% көбейген. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,95% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтар-шілдесіндегі көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 28257 адам кетіп, облысқа 25856 адам келді. 2018 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 36,1%, ал облыстан кеткендер саны 36,4% көбейген.
Алыс және жақын шет елдерден 16 адам (2018 жылғы қаңтар-шілдесінде– 25 адам), республиканың басқа облыстарынан 5591 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4916 адам келген болатын.
Облыстан 7960 адам немесе жалпы көлемнің 28,2% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2018 жылғы қаңтар-шілдесінде тиісінше 6636 адам немесе 32,0% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 48 адам, ал 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде 27 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 2369 адамға, 2018 жылғы қаңтар-шілдесінде 1720 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 20249 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2018 жылғы қаңтар-шілдесінде 14052 адам).
17 қыркүйек 2019 ж. 352 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области