Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда енді күріштің «АйКерім» атты жаңа сорты бар

Жаңақорғанда енді күріштің «АйКерім» атты жаңа сорты бар

Kyzylorda-news.kz. Басқосуға Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бас директорының міндетін атқарушы Бахытжан Дүйсембеков, институт ғалымдары Хасый Жамантіков пен Камалдин Шермағамбетов және шаруашылық төрағалары мен Жаңақорған ауданы әкімдігі қатысты.

Сонымен қатар, «Жан Арай» агро-индустриалдық кешенінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты Бағдаулет Мақашев пен «Абай-Даулет» ЖШС төрағасы Исин Даулетте бар.
Келінтөбе төріндегі Керімхан Егізбаев төрағалық ететін «Агротехнология» шаруа қожалығында институт ғалымдарымен бірігіп шығарған «АйКерім» сорты егілген болатын. Сол еселі еңбекке жетуге институттың жетекші ғылыми қызметкері Камалдин Шермағанбетов ғылыми бағыт-бағдарын жүйелі жасап отырды. Нәтижесінде ғылыммен ұштастырылған істе жоғары мол өнім алуға болатыны дәлелденіп отыр.
«АйКерім» – орташа мерзімде (110-115 күнде) пісетін жоғары өнімді сорттарға жатады. Сорт өсімдіктері биіктігіне қарамастан, жығылуға төзімді, ал масағы өте салалы, ұзындығы 23-25 см дейін жетеді. Бір масақтағы дән саны 150-170 дана, ал 1000 дәнінің массасы - 32-33 г, яғни ірілігі «Маржан» сорты дәндерімен шамалас болып келеді. Дәндерінің шыны түстілігі жоғары – 90-92%. Жалпы жарма шығымы – 68-70%, ал ондағы бүтін ядросы 80-85 % құрайды.
Сорт бастапқы өніп-өсу кезеңінде салқындық пен су қабатының тереңдігіне, саңырауқұлақ аурулары мен тұздылыққа төзімді.
18 қыркүйек 2019 ж. 583 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области