Жол-көлік оқиғасын жасап қашып кеткен шиелілік келіншек ұсталды
Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында белгісіз автокөлік «Mazda 626» автокөлігіне соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жол-көлік оқиғасы орнынан бой тасалаған «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі Шиелі ауданының азаматшасы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы), 611 – баптың 2-бөлігі (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша хаттама рәсімделді.
Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесімен кінәлі жүргізушінің жауапкершілігін шешу мақсатында әкімшілік іс сотқа жолданатын болады.