Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада сотталғандардың құқықтарын қорғау прокуратураның назарында

Қызылордада сотталғандардың құқықтарын қорғау прокуратураның назарында

Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімінде Қызылорда облыстық және Байқоңыр қалалық прокуратураларының өкілдері жазасын өтеушілермен кездесті.

Жиында сотталғандарға мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері туралы толық, әрі жан-жақты айтылды.
Жазасын өтеушілерге қатысты Заңмен белгіленбеген қандай да бір қысым немесе күш түрлерінің қолданылуы Заңмен қудаланатындығы ескертілді.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары тарапынан сотталғандарға қатысты қандай да бір сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілсе, ол тұлғалар Заңмен қудалантындығы ескертіліп, прокуратура органдарының қауырт желісіне хабарласуға болатындығы түсіндірілді.
Сотталғандар әрқашан прокуратура органдарына өздеріне қатысты жасалған заңсыз әрекеттерге шағымдануға құқықтары бар.
Бұл іс-шараға пробация есебінде тұрған 35 сотталған қатысып, өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын прокуратура өкілдеріне қойып тұщымды жауаптарын алды.
Мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасын табады.
19 қыркүйек 2019 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области