Күн сайын жуыну денсаулыққа өте зиян болып шықты
Kyzylorda-news.kz. Күн сайын жуыну терідегі қорғаныс қабатын әлсіретеді, оның салдары инфекциялар мен түрлі аурулардың асқыну қаупін тудырады. Бұл туралы дерматологтар мәлім етті деп хабарлайды Life.ru.
Дәрігерлердің айтуынша, күн сайын жуыну терідегі қорғаныс қабатын әлсіретеді.
Сондай-ақ, ыстық су терінің құрғауына және онда микросызаттардың пайда болуына соқтырады.
Сабын мен жуынуға арналған сұйықтықтар пайдалы бактерияларды жоюы мүмкін, бұл инфекциялардың асқыну қаупін тудырады.
Дерматологтар душқа 15 минуттан артық түспеуге кеңес береді. Олар осылайша терінің қорғаныс қабатын сақтауға болатынын айтады.
Сонымен қатар, мамандар ыстық душқа түсу жүрек ұстамасына ұшырау қаупін 5 есе арттыратынын ескертеді.