1 – НАУРЫЗДА ӘЛЕМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІН АТАП ӨТЕДІ
Жыл сайын 1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күнін дүниежүзілік халқы атап өтеді. Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өткізілді.
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша ашық есік күніне №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктері және "ОӨАЖҚЖ" ММ-нің қызметкерлері мен 1 техникасы қатыстырылып, аудан орталығындағы №35, 36 мектеп-лицейі, №210 орта мектебінің оқушыларына және Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің студенттеріне құтқару техникаларының негізгі жұмысы мен мүмкіншіліктері түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға өрт сөндіру және судан құтқару құрал-жабдықтары көрсетіліп, өрт сөндіру жауынгерлік киімі мен сүңгуір киімдерін киіп көріп, өздерін нағыз құтқарушы сезінді.