СТУДЕНТТЕР ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі «Ашық есік күні» шарасын өткізді. Оған «Болашақ» Қызылорда колледжінің түлектері мен оқытушылары қатысты.
№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Ж.Қалмаханов өрт сөндіру бөлімінің өткен жылы қызметі туралы айтып берді. Жүргізушілер балаларға арнайы және негізгі өрт сөндіру жабдықтарын таныстырды. Өрт сынақ зертханасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Орынбасаров колледждің оқытушылары мен студенттеріне өрттің орнын анықтау бойынша құралдар жиынтығын көрсетті.
Бұдан әрі Көкшетау техникалық институтының 5 курс студенті Е.Бижігіт оқушыларға институтта оқыту тегін жүргізілетіндігін, ал оқу жылдары шұғыл әскери қызметпен теңестірілгенін атап өтті.
Қонақтарға Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің әрекеттері туралы имидждік және Көкшетау техникалық институты туралы бейнероликтер көрсетілді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі