ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жаңақорған кентінде орналасқан №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектебі жоғарғы сынып оқушыларына арналып №10 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілді.
Ашық есік күні барысында аудан көлемінде орын алып отырған тұрмыстық өрттер мен көмір қышқыл газынан улану факторлары туралы айтылды және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында кең көлемде насихатталды. Бұған қоса, оқушыларға арнайы дайындалған «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жөнінде», «Газ қауіпті» тақырыптарында үнпарақтар таратылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне оқуға шықыру мақсатында қосымша түсіндіру жұмыстары атқарылды. Шара барысында 25 жоғарғы сынып оқушысына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жаңақорған ауданы ТЖБ