Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Кәсібіңізге қатысты жұмыстарыңыз алға басады. Қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Несие алуға да қолайлы уақыт. Физикалық тұрғыдан өзіңізді жақсы сезінесіз. Осы қалпыңыздан таймаңыз.

Торпақ
Бүгін көп шығындалып қаласыз. Барлық жағдай сіз ойлағандай болмайды. Бұл әрине, сіздің жүйкеңізге тиетін болады. Жұлдыздар кикілжіңдерден, бәстесуден аулақ болу қажеттігін ескертеді. «Сақтансаң, сақтайды» дегенді естен шығармаңыз.

Егіздер
Бүгін күтпеген жағдай орын алып, жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. Келеңсіз жағдайға себепкер боласыз. Электр құралдарымен, өткір заттармен, көлік жүргізу кезінде және спортпен айналысқан кезде абай болыңыз.

Шаян
Күннің бірінші жартысында жарақат алып қалудан, отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста сақ болыңыз. Өзіңізге көп жүк артпаңыз, ауруға шалдықтырады.

Арыстан
Арыстандардың арманы орындалатын күн. Кез-келген салада тәжірибе жасаңыз, өйткені сіз өмірдегі маңызды өзгерістердің алдындасыз. Өмірден ләззат алыңыз және жақындарыңызбен араласыңыз.

Бикеш
Бүгінгі күн курстық және диплом жұмысын қорғауға қолайлы емес. Алыс туыстармен немесе серіктестермен жан-жал болуы мүмкін. Әріптестермен жұмыс кезінде қиындық туындайды.

Таразы
Қарыздан құтылыңыз. Шешім қабылдарда түйсігіңізге сеніңіз, ол сізге қателік жіберуге мүмкіндік бермейді.

Сарышаян
Алға қойған мақсатыңыз бен арманыңыз орындалады. Кәсіби салада тек жігерлі және тапқыр сарышаяндар көп жетістікке жете алады.

Мерген
Бүгін кәсіби тұрғыдан жолыңыз ашылады, тосынсыйлар күтіп тұр. Достарыңыздан қарыз сұрап, несие алуға болады. Бірақ артыңызды ойлаңыз.

Тауешкі
Бүгін сіз өткен күндердегі өкінішті, өкпе-назды кешіріп, жақыныңыздың сізге ішкі сырын ақтаруына мүмкіндік бересіз. Маңызды мәселелерді талқылап, ортақ шешімге келетін боласыздар.

Суқұйғыш
Шығармашылық адамдар жетістікке жетеді. Көптеген суқұйғыштар әдеттегі жұмыстарын оңай, ерекше көңілмен орындайды. Өзіңізді бағалаңыз. Өйткені, сіз оған тұрарлықсыз.

Балықтар
Балықтарды жоғары белсенділікті қажет ететін көптеген жұмыстар күтіп тұр. Бірақ еңбегіңіздің жемісін көресіз. Қан қысымының жоғарылауы мен созылмалы аурудың алдын алу үшін эмоцияңыз бен өмір ырғағын ретке келтіріңіз. Таза ауада көп серуендеңіз.
23 қыркүйек 2019 ж. 243 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области