Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІ ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІ ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ


    Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Сондықтан, жаңартылған білім беру бағдарламасы – озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Жаңғыру жолында аянбай еңбек етіп, шәкірт санасына білім нұрын құйып жүрген ардақты ұстаздардың бірі – Сәуле Нұрманова 1993 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институтын химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейде жұмыс жасап келеді. 24 жылдық еңбек өтілінде республикалық «Қазіргі педагогикалық технологиялар», облыстық «Заманның заңғар ұстазы – Ділманов» атты конференцияларға қатысып әдістемелік жұмысы жинаққа енеді. Сондай-ақ, республикалық «Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы әдістемелік кітапта технологияға негізделген сабақтар жинағы мен бастауыш сынып оқушыларына арналған «Логикалық есеп пен олимпиадаға дайындық» атты кітабы жарық көрген. Республикалық «Мен ойлап тапқан  әдіс» атты ғылыми-практикалық конференцияда химия пәні бойынша жоғары бағаланып І орын иеленуі ұстаздың жан-жақты ізденімпаздығының жемісі. Ал, 2014 жылы химияға сіңірген еңбегі үшін «Менделеев медалін» алуы үздіксіз жүйелі еңбегінің арқасы деуге болады.
    Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» – деп білімнің салтанат құруына жағдай жасайтынын жеткізген болатын. Білікті ұстаз Сәуле Нұрманова: «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нақтыланғандай 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, жаңартылған білім бағдарламаларын іске асыру бүгінгі мектептің негізгі міндеті. 2016-2017 оқу жылынан бас¬тап жаңартылған білім мазмұнына көшу үдерісінде мектеп мұғалімдері тынбай еңбек етуде. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігін анықтау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері Г.Нәлібаева, А.Нәбішевалар 1 сынып оқушыларына арналған «Қалыптастырушы бағалау» дәптерлерін, ата-аналарға арналған «Рефлексия» дәптерлерін жинақтап жасап қазіргі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылуда. Биылғы оқу жылында 2, 5, 7 сыныптарға да жаңартылған білім мазмұны оқу үдерісіне енгізілді. Бұл жаңалықтар мен өзгерістерді іске асыру әрине мұғалім шеберлігін талап етеді. Бұл білім жүйесінің өзгешелігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын оның ішінде оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын дамытуда. Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау оқушылардың білім-білік, шығармашылық дағдыларын барынша дамытуға жол ашса, жиынтық бағалау әр оқушының білім көрсеткіші. Бұл жүйе ақпараттық коммуникативтік технологиялардың дамыған кезеңінде заман талабына сай, өз қабілетін ғылыми шығармашылыққа ұштастыра алатын, үш тілді еркін меңгерген шәкірт, яғни еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде қажет дүние деп есептеймін» – деген пікір білдірді.
    Бүгінгі жаңалық ертеңгі күні ескіріп қалатын, жедел дамыған заман талабынан қалыс қалмау үшін жаңартылған білім жүйесін жетік меңгеруіміз тиіс. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деуінің өзі жарқын болашаққа жол сілтейді. Бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылуы хақ.
    Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
    Шиелі  ауданы

22 желтоқсан 2017 ж. 732 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области