Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Болашақтықтар» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге үлес қосуда

«Болашақтықтар» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге үлес қосуда

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» атты жоба аясында Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студент жастармен «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты тақырып бойынша кездесті.

«Қазақтану» мәдени-ағарту лекторийі шеңберіндегі «Өзгерісті өзіңнен баста» жобасы бойынша университеттің Жалпы білім беру және құқық кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов «Қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың 6 бағыты» тақырыбында дәрісін оқыды.
Дәріс барысында сананы жаңғыртудың бағыттары ғылыми тұрғыдан дәлелденді. 2020-2021 оқу жылынан бастап студенттерге «Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» атты арнайы курс оқытылатындығы айтылды.
Лекторийге Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Ж.Әпетова, ақын С.Бекахметова, «Болашақ» университетінің проректоры М.Базарханова қатысты.
Дәріс соңында М.Насимов өз ғылыми еңбектерін алматылық қонақтарға табыс етті.
23 қыркүйек 2019 ж. 489 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области