Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Австриялықтар қазақ отбасы үшін митингке шықты (ФОТО)

Австриялықтар қазақ отбасы үшін митингке шықты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Австрияның Нидервальдкирхен қаласында «Адамгершілік мерекесі» атты акция өтті. Олардың мақсаты депортациялануы мүмкін, Қазақстаннан келген отбасын қолдау, деп жазады kursiv.kz басылымы.

Шетелдік басылым Қазақстаннан келген отбасының қалада 2015 жылдан бері тұратынын, олардың 8 және 10 жастағы екі баласы барын жазады. Қала тұрғындарының айтуынша, отбасы неміс тілін үйреніп, жергілікті қауымдастыққа жақсы сіңісіп кеткен.
Мақалада қазақстандықтар 2013 жылы өздеріне қауіп төнген соң елден кетуге мәжбүр болғаны айтылған. Бұл қауіп әлі де сейілмеген көрінеді.
Қала тұрғындары қазақстандық отбасының тағдырына араша түсіп, оларды қолдау мақсатында митингке шыққан.
«Олар әртүрлі фестивальдарға қатысып, көшет отырғызу секілді қоғамдық қызметке жақсы араласады. Көп уақыт бойына олар біздің жанымызда жүріп, өз отбасымыздай болып кетті, әрине қапалымыз, оларды қайта Отанына жер аударудың себебін де түсіне алмай отырмыз», - деді жергілікті тұрғын Мариан Хорецедер.
Мақалада қазақстандықтар туралы мәліметтер, не үшін депортациялау шешімі шыққаны айтылмаған.
«2013 жылы 2 және 4 жасында балаларымызды ұрлап, бізді бопсалаған. Содан кейін біз кетіп қалдық ол жақтан. Сондай шешім шығардық», - дейді Австрияға бас сауғалап барған Қазақстан азаматтары.


24 қыркүйек 2019 ж. 358 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области