Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Головкин өз бапкерінің жалақысын екі есе азайтпақ болған

Головкин өз бапкерінің жалақысын екі есе азайтпақ болған

Kyzylorda-news.kz. New York Post басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық бапкер Абель Санчеспен жұмысын тоқтатуына қатысты қосымша ақпараттар жариялады, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
25 сәуірде Головкин 2010 жылдан бері бапкері болып келе жатқан Санчеспен еңбек келісімін тоқтатқанын хабарлаған еді. Мексикалық бапкердің айтуынша, Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа отырғаннан кейін оның жалақысын азайтқысы келген. Маман боксшының ұсынысынан бас тартқан.
"Головкин жаңа бапкерінің есімін әлі хабарлаған жоқ. Бірақ бірнеше кандидатты қарастырып жатыр деген қауесет бар. Дереккөзге сенсек, 37 жастағы Головкинге отбасы тарапынан қысым көрсетілген, олар алты жекпе-жекке жасалған келісімнен қаржылық табысты арттырғысы келген. Бұл жоспардың бір бөлігі - бапкердің қызметіне он пайыздық жалақы бермеу. Санчестің айтуынша, оған бес пайыз ғана ұсынылған", - деп жазды басылым.
Абель Санчестің жаттықтыруымен Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, 20-ын (19-ы нокаутпен) жеңіспен аяқтаған. Бір рет тең түсіп, бір мәрте жеңіліп қалған болатын. Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.
29 сәуір 2019 ж. 448 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области