Санчес қыркүйекте GGG-дің кіммен жұдырықтасатынын айтты
GGG-де А және Б жоспары бар.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинде (38-1-1, 34 КО) орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) қыркүйекте үшінші жекпе-жек өткізе алмаған жағдайға қосымша жоспары бар, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
GGG бапкері Абель Санчестің сөзінше, жоспар өзгерген жағдайда қазақстандық өзге мексикалық - бірінші орта салмақта WBO белбеуінің иегері 22 жастағы Хайме Мунгиямен (32-0, 26 КО) жұдырықтасады.
«Жақсы жекпе-жектер қалаймыз, өйткені бұл бізге қыркүйекте «Канеломен» жұдырықтасуға көмектеседі немесе Хайме Мунгуямен кездесу өткізсек», - деп келітреді Санчестің сөзін Villainfy Media.
«Жанкүйерлер, БАҚ және боксшылар Головкин мен Алварестің үшінші жекпе-жегін көргісі келеді деп ойлаймын, өйткені олар орта салмақтағы ең мықты боксшы есептеледі. Сондықтан «Канело» Джейкобсты жеңе алса, ал біз маусымда жеңіске жетсек, мәселе екеуінің үшінші рет жұдырықтасуды қаншалықты қалайтынына ғана байланысты болады. Басқа да жақсы жекпе-жектер бар. Мәселе тек белбеулерде ғана емес. Жақсы кездесулердің болғаны маңызды», - дейді бапкер.
Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегінің күні әлі ресми жарияланбады. Ал Мунгуяға былтыр мамырда Невада штатының атлетикалық комиссиясы GGG-мен жұдырықтасуға тыйым салды. Ұйым мексикалық Головкинмен жұдырықтасуға тәжірибесі аз деген еді.