Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Сараң әрі рақметі жоқ": Абель Санчес GGG-мен жұмысын неге тоқтатқанын айтты

"Сараң әрі рақметі жоқ": Абель Санчес GGG-мен жұмысын неге тоқтатқанын айтты

Kyzylorda-news.kz. Америкалық бапкер Абель Санчес енді бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұмыс істемейтінін растады. Санчестің сөзінше, Головкин оның қызметі үшін төлем мөлшерін қайта қарастыруды шешкен. Алайда, бапкер жаңа ұсынысты қорлау деп есептеп отыр, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бапкер БАҚ өкілдеріне спортшымен бірге жұмыс істеуін не үшін тоқтағанын айтты.
"Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл тамаша жұмыс, орнатылған рекордтар мен Бокс даңқы залының болашақ мүшесіне лайық мансапты дамыту, сондай-ақ, DAZN-мен алты кездесуге арналған жүзмиллиондық келісімшартқа қол қоюға жасалған жағдайдан соң ол маған бапкерлік қызметіме өтемақы төлеудің жаңа әрі намысқа тиетін үлгісін ұсынды. Менің абыройым мен қадір-қасиетім мұндай ұсынысты қабылдауға мүмкіндік бермейді. Өкінішке орай, сараңдық, рақметтің жоқтығы мен этиканың, ар-ождан мен адалдықтың болмауы осы серіктестіктің аяқталуына алып келді", - деді ол.
Санчес ешқандай санды атамаса да, Los Angeles Daily News-пен телефонмен сөйлесу барысында осы уақытқа дейін Головкинге түскен қаражаттың 10 пайызын алып жүргенін, бұл жолы боксшы оған әлдеқайда төмен сома ұсынғанын жеткізген.
Ал GGG-дің өкілі Том Леффлер бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Айта кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.
25 сәуір 2019 ж. 388 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области