28 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес бекітілді.
Құтыру ауруына қарсы күрестің бүкіләлемдік күні
Құтыру ауруымен күрес жөніндегі (ARC) қайырымдылық ұйымы мен Аурумен күрес және аурудың алдын алу орталықтары (CDC) (Атланта, АҚШ) ұсынысымен өткізіледі. Құтыру ауруына қарсы күрес бүкіләлемдік күні адамдар мен жануарлар құтыруының зардаптары туралы, сондай-ақ оның алдын алуға және оны қоздырушылармен шектеу орындарындағы жануарлар арасында күресе отырып, тамырына балта шабуға болатыны, тиісті жұмыс жүргізсе қаншалықты жеңіл екені жайлы жұртшылықты хабардар етуге арналған.
1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикадағы сайлау туралы Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлыққа сәйкес, ел Парламенті 2 палатадан тұратын және кәсіби негізде жұмыс істейтін болып белгіленді.
1996 жылы Алматыдағы Кеңсайда жазушы Оралхан Бөкеевтің зиратына ескерткіш орнатылды.
1999 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді.
1999 жылы Ақтау қаласында Алашорда қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіш ашылды.
2006 жылы Алғаш рет Алматы зообағына ақ мүйізтұмсықтар әкелінді. Әр мүйізтұмсық құны 40 мың АҚШ доллар тұрады.