15 қыркүйек:Атаулы күндер мен оқиғалар
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған қарарында (№A/RES/62/7) жарияланған. 2008 жылғы 15 қыркүйектен бастап атап өтіледі. Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997 жылғы Демократия туралы ортақ декларация қабылдануына байланысты бекітілген.
1989 жылы өңірлік «Қазақстан Коммерция» сыртқы экономикалық қауымдастығы құрылды. Бұл - КСРО-ның сыртқы экономикалық министрлігінде тіркелген алғашқы қазақстандық компания.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы астанасы туралы» заң күші бар Жарлыққа қол қойды.
2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ядролық лаңкестік актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға» Қазақстан Республикасы атынан қол қойылды.
Бұл құжат мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық лаңкестіктің алдын алу, жолын кесу және оны жою жөніндегі шараларды іске асыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.
2011 жылы «Қазпошта» АҚ ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Орымбек Жәутіковтің туғанына 100 жыл толуына орай «Естелік, мерейтойлық күндер» сериясынан пошта маркасын айналымға енгізді.
2014 жылы ҚР Ұлттық Банкі Т.Г. Шевченконың туғанына 200 жыл толуына арналған, естелік монетасын айналымға шығаратынын хабарлады. Номиналды бағасы 500 теңге сапасы «proof» күмістен, номиналдық құны 50 теңге «нейзильбер» қорытпасынан.
2017 жылы ruh.kz «Рухани жаңғыру» ақпараттық порталының тұсауы кесілді. Ресурс бағдарламалық мақаланың барлық бағытын да қамтиды. Әсіресе, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының бірінші кезеңіне ерекше назар аударылған.