Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 29 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Пайдалы іспен айналысыңыз. Мүмкіндіктер аз болғанымен, көп істі тындыруға күш-қуатыңыз жеткілікті. Табысқа жетуге бірнеше жол ашылады. Сіздің алдыңызда сол жолдың бірін таңдау мүмкіндігі тұр. Көпшілік сіз туралы мол мағлұмат алғысы келеді.
Торпақ
Табысқа жету үшін батылдылық қажет. Оңайлықпен жеңіске жетемін деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Күнделікті атқарып жүрген жұмыстардан гөрі, тәжірибе жасап көрген дұрыс. Кейбір істерде тәуекелге бел буыңыз.
Егіздер
Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзге адамдармен араңызда мәселелер туындауы мүмкін. Достарыңызбен де жағдай мәз емес. Эмоцияға берілмегеніңіз жөн. Ішімдіктен бойды аулақ ұстап, еттен жасалған тағамдарды тұтынбаңыз.
Шаян
Жаңа жұмыс табасыз немесе жаңа серіктестермен жолығасыз. Мұндай белсенділігіңізді кейбір жандар дұрыс түсінбей, сізге «өзіне тым сенімді» деп баға беруі мүмкін. Бүгін жеке өміріңізде қызықты жайттар көп болады.
Арыстан
Жұмысқа қатысты ұсыныс түсуі мүмкін. Қабыл алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Себебі бұл ұсыныс сізге пайда әкелмейді. Барлығы жақсы деп ойлағаныңызбен, әріптестеріңізбен немесе басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін.
Бикеш
Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді. Алайда іштей тынып қалмаңыз. Алдағы күндерге көп жоспар құрмаңыз.
Таразы
Жұмысыңызға қатысты, мамандар мен құрал-жабдықтарға байланысты мәселелерді шешесіз. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз басшылықтың айтқанына қарсы шықпағаныңыз жөн. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
Сарышаян
Бүгін жұмысқа қатысты бірнеше ұсыныстар түседі. Пайдасы жоқ жұмыстарға босқа уақыт шығындамаңыз. Балаларыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Жақындарыңызбен ара-қатынаста сабырлы болыңыз.
Мерген
Бұрын жіберген қателіктеріңізді түзейсіз. Сонымен қатар сіздің кешіріміңізді күтіп жүрген адамдармен татуласасыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің еш әбестігі жоқ. Жақсы көретін адаммен әңгімелесу жаныңызға жайлылық сылайды.
Тауешкі
Аздаған сынақтан өтесіз, сонан соң мақсатыңызға қол жеткізесіз. Көмекшілер және серіктестер табу оңай. Олар уақыт өте келе жақын достарыңызға айналуы мүмкін. Жақындарыңызға қиын сәттер де қолдау білдіресіз. Жақындарыңыз сізден ақыл-кеңес сұрап келеді. Оларға сіз жөн сілтей білесіз.
Суқұйғыш
Өзіңіздің келбетіңізге, сырт бейнеңізге мән беріңіз. Сол арқылы жетістікке жетіп, маңызды келіссөздер сіздің пайдаңызға шешілетін болады. Бүгінгі күн маңызды істер атқаруға сәйкес келмейді. Дәлірек айтқанда, оң шешім шығаруға мүмкіндік болмайды.
Балықтар
Айлық жалақыңыз өсіп, қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Қиын жағдайда оңтайлы шешім шығара аласыз. Қарсыластарыңызды шаң қаптырасыз. Жақындарыңызбен емен-жарқын әңгімелесіп, бір-бірлеріңізді жақсы түсінісесіздер.