Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сатаев жаңа фильмге не үшін Головкинді емес, Сәпиевті таңдағанын айтты

Сатаев жаңа фильмге не үшін Головкинді емес, Сәпиевті таңдағанын айтты

Kyzylorda-news.kz. "Томирис" фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатында режиссер Ақан Сатаев жаңа туындысы туралы айтып берді. Ол фильмде Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің спорттық жолы баяндалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жыл басында Сатаев "Боксшы" фильміне кастинг жариялап, жаңа кино туындыға түсетін актерді іздеп жүргенін жариялаған болатын.
"Боксшы" – бұл фильмнің бастапқы атауы, бұл барлық чемпионымыздың образы. Бірақ біз Серік Сәпиевтің өмірбаянына сүйенеміз", - деді Сатаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда журналистер Сәпиевтің өмірбаянын неге таңдағанын сұрады. Себебі одан бөлек Головкин сияқты әлемдік бокс шыңына шыққан спортшылар бар. Режиссердің сөзіне қарағанда, бұл – идеологиялық жұмыс.
"Біз кино түсіргенде біреуді мақтап-мадақтауды мақсат етпейміз. Бұл, шынымен де, қаһарманның тарихы, чемпионның жүріп өткен жолы. Біз Генадий Головкин, Бекзат Саттарханов туралы фильмдерді де түсіруге қарсы емеспіз.", - деп жауап берді Сатаев.
26 қыркүйек 2019 ж. 370 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области