Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда Нан күні атап өтіледі

Қазақстанда Нан күні атап өтіледі

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар қазан айында - Нан күнін, ал қарашада - Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 691 қаулысына қол қойылды. Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 36-2-тармақпен толықтырылсын:
«36-2. Нан күні – 16 қазан»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі».
2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     Асқар Мамин

27 қыркүйек 2019 ж. 465 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области