Қазақстанда мерекелік күндер көбейді
Kyzylorda-news.kz. ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесін бекітті. Құжат ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №467 Қаулысымен ҚР мерекелік күндер тізбесіне «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан; Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні- 29 тамыз; Қарттар күні-1 қазан» сынды атаулы күндер қосылды.
Айта кетейік, мерекелік күндер демалыс болып саналмайды.