Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 сәуір: Оқиғалар мен атаулы күндер

27 сәуір: Оқиғалар мен атаулы күндер

Kyzylorda-News.kz ақпараттық агенттігі оқырмандар назарына 25 сәуір күні ел тарихында орын алған атаулы күндер мен оқиғалардың күнтізбесін ұсынады.
1994 жылы Алматыда «Абылай хан» қоры құрылды. Қор төрағасы болып Шота Уәлиханов сайланды.

2006 жылы «Райффайзен Лизинг Қазақстан» компаниясы арналған «Ақтау» мұнай құю танкері Каспий теңізіне жіберілді. Танкерді «Выборгский құрылыс зауыты» ААҚ құрды.

2006 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында «Өсімдіктер дүниесі» сериясымен «Қара сексеуіл» атты кезекті маркасын айналымға енгізді. Сексеуіл - биіктігі 10 метрге дейін жететін, бұжырлы, қалың, жуан, бұтақтары көп діңді, жапырақтары толығымен ширатылмаған ағаш. Тақырлы сор жерлерде, құмның арасында, сұр топырақта өседі. Торғай, Арал, Қызылорда, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш және Алакөл өлкелерінде кездеседі.

2011 жылы Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына төрағалық Әзербайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына ресми түрде өтті.

2017 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев І, ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалін тағайындады. 2017 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баспа, радио- және интернет-журналистика саласында «Үркер» алғашқы ұлттық сыйлығын бекітетіні туралы жариялады.

1978 жылы Ауғанстанда Сәуір революциясы атауымен тарихқа енген мемлекеттік төңкеріс болды. Оның нәтижесінде елде марксистік үкімет орнатылып, Ауғанстан Демократиялық Республикасы жарияланды.
27 сәуір 2019 ж. 539 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области