Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы қаласының Әйтеке би кентімен біріктірілген бас жоспары талқыланды

Қазалы қаласының Әйтеке би кентімен біріктірілген бас жоспары талқыланды

Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімдігінде Қазалы қаласының Әйтеке би кентімен біріктірілген бас жоспарына байланысты қоғамдық тыңдалым өткізілді. Оған аудандық мәслихат депутаттары, мекеме және кәсіпорын басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының тұрғындары қатысты.
«Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығын қосу мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Екі аралықтан барлығы 441 гектар жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, тұрғындарға табысталып жатыр. Бұдан бөлек, елді мекеннің болашақта даму бағыттарын айқындау мақсатында біріктілірген бас жоспар әзірлеу қолға алынды. Бас жоспарды әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, «Казгипроград 1» Жобалау институтымен келісім-шарт жасалды. Ағымдағы жылдың мамыр және тамыз айларында жобалаушы мекеменің қатысуымен бірнеше мәрте мәжіліс өткізген болатынбыз. Бүгін міне мәжілістерде айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді назарға алып, жобалық материалдарды келісім алуға ұсынып отыр», – деді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.
Алдымен бас жоспарды әзірлеу бойынша жобалық жұмыстардың жүру кезеңі туралы «Казгипроград 1» Жобалау институты» ЖШС директорының орынбасары Ілияс Темірбаев сөз сөйледі. Мұнан соң қабылданған жобалық шешімдер туралы Олжас Боранбай айтып берді.
Кездесуге келген тұрғындар бас жоспарға қатысты өз ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты.
Басқосуда Ғалымжан Еркебай «Казгипроград 1» Жобалау институты» ЖШС директорының орынбасары Ілияс Темірбаевқа бас жоспар бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескеріп, тиісті мемлекеттік мекемелерге келісімге жолдауды тапсырды. Ал дербес бөлім басшыларына бас жоспарға облыстық басқармалардан келісім алу жұмыстарына атсалысып, жан-жақты қолдау көрсету керектігін айтты.
30 қыркүйек 2019 ж. 325 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области