Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 1 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Жұлдыздар сіздің мансабыңыздың өсуіне және жоспарыңыздың орындалуына барлық жағынан көмектеседі. Сіздің міндеттеріңізді анықтай отырып, сіз өзіңізді қажырлы еңбекқор, тәуелсіз және шығармашылық тұлға ретінде дәлелдеуге тиіссіз.
Торпақ
Бұл күннің таңы кез келген бастама үшін қолайлы. Дәріс, баяндама дайындау, жиналыс және конференция өткізу сәтті болады. Қарым-қатынаста тапқырлық пен керемет талғам көмектеседі. Кейбір торпақтарға туыстары немесе көршілері қонаққа баруы мүмкін.
Егіздер
Бүгін сізді тосын сый күтіп тұр. Ол ұсыныс болуы мүмкін. Ұсынысты қабылдамас бұрын мұқият ойланыңыз.
Шаян
Әріптестеріңізден ешқандай көмек болмайды, өз бетіңізше әрекет етіңіз. Ас қорыту жүйесінің созылмалы ауруы асқынуы мүмкін. Бауырға зиянды: майлы, ащы тағамдардан бас тартыңыз.
Арыстан
Жоспарларыңызды іске асырып, жаңа бизнес бастағыңыз келеді. Бірақ тәжірибеңіздің аздығы оған кедергі келтіріп жатыр. Жұмыста төтенше жағдай орын алуы мүмкін.
Бикеш
Бүгінгі күн Бикештер үшін қиындыққа толы. Туыстарыңызбен, достарыңызбен, көршілеріңізбен әңгімеңіз жараспайды. Тіпті дау туындауы мүмкін. Кездесуге қолайсыз уақыт. Қонақтар келіп жоспарларыңыз бұзылады.
Таразы
Бүгінгі күн сәтсіздіктер орын алуы мүмкін. Оның негізгі себебі өзіңізге деген сенімділігіңіз бен шектен тыс табынушылығыңыз.
Сарышаян
Серіктестер тарапынан болған ұсыныстар сіздің болашақтағы жоспарларыңызға негіз болады. Жылжымайтын мүлік үшін туыстарыңызбен ұрыспаңыз.
Мерген
Бүгін сыртқы келбетіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Гардеробыңызды жаңартатын уақыт келді.
Тауешкі
Бүгін достарыңызбен, тұлғаны дамыту орталықтары мен қоғамдық ұйымдармен пікірлесу үшін қолайлы күн. Белсенді қарым-қатынас орнатып, кешке демалуға болады.
Суқұйғыш
Махаббат пен достық қарым-қатынас орнатуға қолайлы күн. Басшыларыңызбен, ата-анаңызбен немесе сүйіктіңізбен әңгімелесесіз. Тек өзіңіз кіммен сөйлесу керектігін анықтап алыңыз. Бұл сіздің қарым қатынасыңызды жақсартады.
Балықтар
Жүйке жүйесін сақтаңыз. Стресстен арылтатын үй жануарларын асырауыңызға болады. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызға абай болыңыз. Қаржы мен денсауылық мәселесі де аландатпай қоймайды.