Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Батырхан Шүкеновке қойылатын ескерткіш аяқсыз қала ма?

Батырхан Шүкеновке қойылатын ескерткіш аяқсыз қала ма?

Kyzylorda-news.kz. Алматы Орталық саябағының басшылығы таяу уақытта Батырхан Шүкеновке неліктен ескерткіш қоя алмайтындарын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Биыл наурызда Горький атындағы саябақта қазақстандық орындаушының құрметіне ескерткіш орнатуға уәде берген. Оны "Әуен бағында" орнататын болып шешкен, қазір ол жақта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Негізі бұл ұсынысты Алматы қаласының бұрынғы басшысы Бауыржан Байбек ұсынған еді. Оның бұл идея аяқсыз қалатын сыңайлы.
"Әзірге біз концепциясын ойластырмадық, қайда және қашан қоятынымызды да шешпедік. Сол себепті осы мәселені кейінге шегердік. Оны біздің қала басшылығы шешетін болады. Жыл соңына дейін бірдеме болады деп айта алмаймын", - деді Алматы Орталық саябағының директоры Владимир Калинин.
Айта кетейік, 2018 жылы мамырда Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде Батырхан Шүкеновтің құрметіне ескерткіш қойылған еді. Туынды авторы - Мұрат Мансұров.

30 қыркүйек 2019 ж. 265 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области