Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданындағы "Майжарма" каналына көпір салынуда

Сырдария ауданындағы "Майжарма" каналына көпір салынуда

Kyzylorda-news.kz. Тереңөзек кентінің тұрғындары бірнеше жылдан бері "Майжарма" каналының А.Әлиакбаров және С.Усабаев көшелерімен түйісетін тұсына көпір салу жөнінде өтініш айтып, мәселе көтеріп жүрген болатын.

Аудан әкімі Р.Рүстемовтің жұмыс кестесіне сәйкес өткен айда өткізілген Тереңөзек кентінің тұрғындарымен кездесуде де көпір мәселесі қайта көтірілді. Кездесу қорытындысында аудан басшысы "Майжарма" каналына көпір салу жұмыстарын жеделдетуді, құрылысты сапалы жүргізуді, тұрғындардың талап-тілегін ескеруді тиісті сала абсшыларына тапсырған-ды.
Демеушілер есебінен қазіргі таңда көпір құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа аудан көлеміндегі кәсіпкерлер де белсене атсалысуда.
Айта кету керек, берекел іске бейім аудандағы жүйел жұмыс нәтижесінде "Майжарма" каналына салынып жатқан көпір жақын күндері пайдалануға берілмек. Бұл кенттегі көлік қатынасын реттеп, жүйелендіреді деп күтілуде. Бірлігі бекем аудандағы бұл жұмыс халықтың ауызбіршілігін, ынтымағын білдіреді.

01 қазан 2019 ж. 368 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области