Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әйтеке би кентінде ауыз су мәселесі толық шешім тапқан

Әйтеке би кентінде ауыз су мәселесі толық шешім тапқан

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғындары тіршілік көзімен толық қамтамасыз етілген.

Орталықтандырылған Арал-Сарбұлақ топтық су құбыры арқылы 22 ауыл, 6 елді мекен (Ажар, Шилі, Шәкен, Сарбұлақ, Бірлік, Жұбан) су тұшыту қондырғысы орнатылған скважинадан, 4 ауыл (Шөлқұм, Сортүбек, Мәдениет, Қожақазған) тікелей скважина арқылы және Тапа ауылы шахталық құдықтан су ішіп отыр. Ал №101, 102, 103 разъездер ауыз суды тасып ішеді. 8 елді мекен Байқожа локальды су жүйесі арқылы, 1-еуі Водокачка насос стансасы арқылы ауызсумен қамтамасыз етілген. Арал-Сарбұлақ топтық су құбырына қосылған барлығы 22 елді мекеннің 15-інде сервистік су тарату жүйесі бар.
Сонымен бірге Жанқожа батыр, Майдакөл, Бекарыстан би ауылы тұрғындары қоғамдық су тарату колонкасы арқылы ауызсумен қамтылуда. Байқожа локальды су жүйесінің тұтынушылары Байқожа, Еңбекшіқазақ, Майлыбас, Қызыләскер, Көбек, Ойынды, Алтай разьездерінің тұрғындары қоғамдық су тарату колонкасы арқылы ауызсу пайдаланса, Ақсуат елді мекенінің тұрғындары сервистік су тарату жүйесіне тәуелді.
Биыл Ү.Түктібаев, Жалпақ елді мекендеріндегі су құбыры желілерін тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Майдакөл елді мекендеріне сервистік ауыз су құбырын жеткізіп беру мақсатында жоба әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылады. Бұнымен бірге Байқожа топтық су құбырын қайта жаңғырту жобасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
01 қазан 2019 ж. 426 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области