Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал маңындағы ауылдарға таза судың тартылуы бірқатар мәселені шешті

Арал маңындағы ауылдарға таза судың тартылуы бірқатар мәселені шешті

Қызылорда облысы Арал ауданында қалқымалы көпір мәселесі шешілді. Бұл дарияның арғы жағында қалған жұрттың көптен бергі айтып жүрген базынасы еді. Жалпы теңізді жағалай қоныстанған аралдықтар өткен жылғы есепті кездесуде аудан әкіміне 46 проблемалық ұсыныс айтқан. Жергілікті билік соның 41-ін орындай алды. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz «24 Хабар» арнасына сілтеме жасап.

Қалғаны өтпелі кезеңге қалып отыр. Біткен істің бірі шалғай ауылдардың ауыз сумен түгел қамтылуға жақын қалғаны. Инфрақұрылымдық жобаны жеделдеткен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бірнеше елді мекен Арал-Сарбұлақ топтық су құбырына қосылып отыр.
Жалпы бүгінгі таңда аудандағы 57 елді мекеннің жартысынан астамы сапалы ауызсумен қамтылып отыр. Он шақты ауыл шахталық құдықтан және 2-еуі тасымалдап су ішіп келген болатын. Соның бірі Шижаға елді мекені.
Орталықтандырылған құбырға қосылып, шүмектен сарылдап аққан судың әр тамшысының қадірін Махатовтар әулеті жақсы біледі. Бала-шағасымен шұбырып, шалғайдағы құдықтан су тасыған апа-келіндердің иығынан зіл батпан иінағаштың табы кете қойған жоқ. Бұл жағдайды ауылдағы 400-дей түтін, 2 жарым мыңдай адам басынан өткерді.
«Бұрындары әсіресе әйелдер құдықтан иінағашпен тасып, көп бейнет көретін еді. Қазір міне көріп отырсыздар бізге су келді. 92 жастағы қариямыз бар үйде. Әжетхана іште, ванна іште, қол жуғыш іште. Автомат машинамен әйелдеріміз кір жуып отыр. Бұрын көлікпен тасыған уақытта айына 4 мың теңге су ішетін едік, қазір айына мың теңге ғана суын ішіп отырмыз», – дейді Шижаға ауылының тұрғыны Cовет Махатов.

Үйді-үйге кіргізілген ауыз суды армандап отырған ауылдарды атасақ, әлі Ақбасты, Құланды, Абай мен Тоқабай бар.
«Бұған енді аймақ басшысының қолдауымен жоба сметалық құжатын жасауға 109 млн теңге қаржы бөлініп, жыл ішінде мемлекеттік сараптама оң қорытындысын жасадық. Жоба сметалық құжатын әзірлеп алдық. Бұны қаржыландыру бағытында республикаға ұсынып жатырмыз 6 жарым млрд тг құрап тұр. Осы жоба өтпелі кезеңге қалып, орындалу барысы осындай жағдайда», – дейді Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.
Өткен жылдың басында 11 миллиард теңгеден асады деп болжанған аудандық бюджет жыл соңында 101 процентке артық орындалып, 15 миллиард теңгеге бірақ жеткен. Осындай қарқынды экономикалық дамудың арқасында биыл Аралдың бар жұртына таза ауыз су жеткізілу жоспарланып отыр.

05 ақпан 2019 ж. 545 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области