Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕНГІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕНГІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ


        Арал ауданында мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, теңіз төскейіндегі қалың қауым үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді.
       Күрмеуі қиын мәселе бүгінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта қазіргі таңда Арал ауданынға қарасты Октябрь ауылдық округі, Шижаға ауылында айтарлықтай істер атқарылуда.
       Осы орайда, Арал ауданы әкімі Мұқтар Оразбаев Шижаға елді мекеніне ат басын бұрып, жергілікті тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында өткен жылдың тамыз айында бастау алған жұмыс барысымен танысты.
       Нақты кезеңде аталған елді мекенде 43,5 шақырым полиэтилен құбыры тартылып, 409 дана су есептегіш құрылғысы және 212 көру құдықтары орнатылған. Су мұнарасының көлемі – 50 м3.
       Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания – МФТ «Тұран» ЖШС басшылығының мәліметінше, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы маусым айының басында-ақ толықтай аяқталады деп жоспарлануда.
28 мамыр 2018 ж. 809 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области