АРАЛДА АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ
Аралда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Көнту, Бөген, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға, Аманөткел елді мекендерінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінді, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында пайдалануға берілуі күтілуде.
Биыл сондай-ақ, былтыр басталған жоба-сметалық құны 1,5 млрд. тенге тұратын Сексеуіл кентінің ішкі су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады.
Арал қаласының №2 және №4 ықшам аудандарына ауыз су құбырларын жүргізу мақсатында 2017 жылға аудандық бюджеттен бөлінген 19,0 млн. тенгеге жасалған мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамалар, облыстық құрылыс басқармасы арқылы Инвестиция және даму министрлігіне тапсырылып отыр.
Сондай-ақ, Халықаралық Аралды Құтқару Қоры шалғай елді мекендерді су таситын автокөліктермен қамту шаралары аясында Бөген ауылдық округіне бір автокөлік тарту етті.