ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА 533 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 9 айдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Басқарма есебіне сәйкес, биыл жылумен жабдықтауға облыстық бюджеттен 533,341 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 87,416 млн.теңгеге жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға берілді.
Сондай-ақ, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезең)» жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 101,675 млн.теңгеге, жобалау жұмыстары да аяқталды..
Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандарының 36 жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына – 181,144 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
«Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оңалту орталығының қазандығын газ отынына ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына 175,471 млн. теңге бөлініп, осыған байланысты жұмыстар тиянақталды» делінген басқарма мәліметінде.
Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 2018 жылға 8 ЖСҚ-ны "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен қаржыландыруға 4,2 млрд.теңгеге ҚР ИДМ бюджеттік өтінім ұсынылды.