Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛАДЫ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛАДЫ


    Биыл Арал ауданында жол жөндеу жұмыстарына қатысты 18 жобаны  іске  асыруға 1,4 млрд.  теңге қаржы қаралған. Оның  ішінде аудандық маңызы бар Сазды, Райым-Водокачка елді мекендеріне кіре беріс автокөлік  жолдарын жаңадан салу, «Арал-Әуежай-Жалаңаш» автокөлік жолын қайта  жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте аудан әкімі М. Оразбаев мәлімдеді.
    Былтыр басталған  Қызылжар  елді  мекеніне кіре беріс автокөлік  жолын күрделі  жөндеу  жұмыстарының  ІІ  кезеңі де биыл жалғасын табуда.
    Сонымен қатар аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас – Аманөткел - Бөген» автомобиль жолының  11 шақырымы орташа жөндеуден өткізіліп жатыр.
    – Қала көшелері де жөнделіп жатыр. Б.Баймұратов, М.Сәрсенов,  Сапақ би, Космонавтар, Терешкова, Ә.Қаюпов көшелеріндегі автожолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне облыстық бюджеттен бөлінген 88,1 млн. теңгеге қалқымалы көпір салу жұмыстары жүргізілуде, – деді аудан басшысы.

17 қараша 2017 ж. 876 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области